Құттықтаймыз!
Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген 5-6 - сынып оқушылары арасындағы пәндік олимпиаданың 2 (қалалық) кезеңіне Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектебінен жүйрікдеп танылған 14 оқушымыз қатысып, нәтижесінде 7-еуі жүлдегер атанып, мектеп мерейін үстем етті.
Жалпы пәндік олимпиадада Математика пәнінен
5 «В» сынып оқушысы Умирбаев Таир ІІ орын, пән мұғалімі Сайдалиева Айзада;
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қазақ бөлімі бойынша 6 «А» сынып оқушысы Әбенова Ақназым ІІІ орын, пән мұғалімі Искакова Жибек;
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен орыс бөлімі бойынша 5 «В» сынып оқушысы Кузубова Мария ІІІ орын, пән мұғалімі Бакенова Гүлсім;
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен орыс бөлімі бойынша 6 «В» сынып оқушысы Наумова Екатерина ІІІ орын, пән мұғалімі Сәдуақасова Айжан;
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен орыс бөлімі бойынша 5 «В» сынып оқушысы Коновалов Николай ІІІ орын, пән мұғалімі Коновалова Ирина;
Ағылшын тілі пәнінен қазақ бөлімі бойынша
5 «Б» сынып оқушысы Қамза Абдурахман
ІІІ орын, пән мұғалімі Омар Алтынай;
Ағылшын тілі пәнінен қазақ бөлімі бойынша
6 «Б» сынып оқушысы Мұрат Алдияр ІІІ орын, пән мұғалімі Акмурзаева Нұршат.
Барша жеңімпаз шәкірттерді жеңістерімен құттықтай отырып, білім бәсекелерінде сәттілік серіктері болсын дейміз. Сонымен қатар қазіргі оқу жүйесінің жаңа мазмұны мен сипатын меңгеруде оқушылардың зейіндерін ашып, биік белесті бағындыруға бағыт-бағдар беруде ерекше үлес қосып жүрген жүлделі шәкірттердің білімді ұстаздарына ұжым атынан шығармашылық табыс тілейміз!
Қызылорда Қаласының Білім Бөлімі






