№112 орта мектебі 1952 жылдың 2 желтоқсаны күні «XIX партеьезд» атындағы мектеп болып ашылды . Мектеп екі қабаттан тұрғызылған, терезелері үлкен ғимарат болатын. Алғаш мектеп ашылған кезде мектепте 24 мұғалім жұмыс жасап, 520 оқушы білім алды. Мектеп орыс бөлімі негізінде оқытатын білім ордасы болып қаланды. Мектептің қалануына өз үлесін қосқан алғашқы директор Ахмадиева Нағима Абдуллқызы тағайындалып, оқу ісінің меңгерушісі болып Чикова Зинаида Петровна қызмет атқарды.
Содан кейін 1953-1983 жж Цыганкова Людмила Степановна оқу ісінің меңгерушісі қызметін абыроймен атқарды.
Мектеп қаланғаннан кейінгі алғашқы мұғалімдер қатарында: Тюрина Евдокия Семеновна, Птицына Вера Михайловна, Остроумова Мария Макаровна, Митина Анна Павловна, Ақдәулетова Алма, Дуйсембаева Әсия, Қабылбекова Әсия смағұлқызы барлығы 24 мұғалім еңбек етті.
1958 жылы мектеп Қазақ темір жолы қарамағына беріліп, №410 мектеп болып ауысады. Осы жылдары мектеп оқушыларының санының көбеюіне байланысты, мектепке қосымша 6 класс, акт залы, щеберханалар салынып, оқу кабинеттері талапқа сай қайта арнайы жасақтала бастады.
Бірнеше жылдардан соң білім ордасы қалалық білім беру бөлімі қарамағына өтіп, мектепке «112 » номері беріледі.
1997 жылы жаппай оңтайландыру жағдайында мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымы балалар үйіне көшіріледі.
1999 жылы қалалық білім беру бөлімінің меңгерушісі С.Б.Жүнісов және мектеп директоры Н.А.Ахмадееваның араласуымен мектеп ғимараты қайтадан қайтарылды. Бұл уақытта мектептің бастауыш сыныптар оқитын бөлімі , спорт алаңы, мектеп территориясына енбей қалып, жеке адамдарға үй есебінде беріліп кетті.
Осы жылдар барысында мектепте білікті мамандар мен таңдаулы басшылар қызмет атқарды
Мектеп тарихындағы директорлар:
1952-1978 жж. Ахмадеева Нағима Абдуллқызы
1978-1981 жж. Воробьева Инна Геннадьевна
1981-192 жж. Ивановский Анаторлий Васильевич
1992-1997 жж. Мощеев Валерий Викторович
1997-2000 жж. Мырзамұратова Нұржамал Ахметқалиқызы
2000-2004 жж. Хафизов Рафкат Закиевич
2004-2008 жж. Жумадильова Наталия Васильевна
2008-2020 жж. Сеилханов Асылбек Әміржанұлы
2020 ж Шарапатов Габидулла Абдираимович






