Мектеп директорының бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары Беисов Болатбек Оразбекұлының бейінді және кәсіби бағдар беруге бағыты бойынша жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «2022 жылға Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара академиясы мен Ресей Федерациясының әскери жоғары оқу орындарына іріктеу мен зерделеу жұмыстары» тақырыбында Қазақстан Республикасы ҰҚК шекара қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің офицері, майор Жанабаев Баубек Бахытұлының қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесуге 9-11 сыныптардың ер балалары қатысып, арнайы бейнематериалдар тамашалап, өздерінің сауалдарына жауап алды.