ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
5-6 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінен жүлделі орындар иеленген Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектептің жүлдегер оқушыларын пән мұғалімдерімен бірге мектеп директоры Ғ.А.Шарапатов марапаттады. Сонымен қатар пән мұғалімдеріне Кәсіподақ ұйымы атынан арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Жүлдегерлер: Математика пәнінен 5 «В» сынып оқушысы Умирбаев Таир ІІ орын, пән мұғалімі Сайдалиева Айзада;
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қазақ бөлімі бойынша 6 «А» сынып оқушысы Әбенова Ақназым ІІІ орын, пән мұғалімі Искакова Жибек;
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен орыс бөлімі бойынша 5 «В» сынып оқушысы Кузубова Мария ІІІ орын, пән мұғалімі Бакенова Гүлсім;
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен орыс бөлімі бойынша 6 «В» сынып оқушысы Наумова Екатерина ІІІ орын, пән мұғалімі Сәдуақасова Айжан;
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен орыс бөлімі бойынша 5 «В» сынып оқушысы Коновалов Николай ІІІ орын, пән мұғалімі Коновалова Ирина;
Ағылшын тілі пәнінен қазақ бөлімі бойынша
5 «Б» сынып оқушысы Қамза Абдурахман
ІІІ орын, пән мұғалімі Омар Алтынай;
Ағылшын тілі пәнінен қазақ бөлімі бойынша 6 «Б» сынып оқушысы Мұрат Алдияр ІІІ орын, пән мұғалімі Акмурзаева Нұршат.








