Тарих,құқық, география» онкүндігі аясында тарих пән мұғалімдері Акимова Н., Изтлеуова И. ұйымдастыруымен «Тарих – ғасырлар куәсі» тақырыбында 6-11 сыныптар аралығында көрме ұйымдастырылды.

Мақсаты: қазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттау, өткенді еске түсіре отырып, болашаққа деген сенімдерін нығайту, отанымызды сүюге, ата дәстүрімізді, тілімізді, туған жерімізді қадірлей білуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.