ҚҰТТЫҚТАУ
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгін ата-бабаларымыздың жүздеген жылдар бойғы арман-тілегі ақиқатқа айналған, ғасырлар тоғысында бой көтерген Тәуелсіз Мемлекетіміздің ең басты мерекесі. Сіздерді еліміздің ұлық мерекесі – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға аспандарыңыз ашық, көңілдеріңіз шат, еңбектеріңіз жемісті болуын тілеймін. Әрқайсымыздың қажырлы еңбегіңізбен сүйікті Отанымыз – Қазақстан гүлдене көркейіп, нығая түсіп, Еліміздің Көк байрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін!Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты әрі мәңгі, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!
Ізгі ниетпен Н. Ахмадеева атындағы №112 орта мектеп директоры Ғ. А. Шарапатов







